Семей станциясында пойызда әйелді зорлауға оқталды деген күдікпен тексеру басталды. Бұл туралы Arnapress.kz хабарлады.
Дереккөздің жазуынша, полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, факті Семей станциясында тіркелген. Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі және 120-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұл іске қатысты өзге мәліметтер ҚК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне сай жария етілмейді.