«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 28-30 желтоқсан аралығында ауа температурасы күрт төмендейді.
Солтүстік-батыс циклоны елдің солтүстік, солтүстік-батыс және шығысына әсер етеді. Соның салдарынан қар жауып, боран соғып, жел күшейеді.
Суықтан жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді.
Тек шығыс пен оңтүстік-шығыста ғана құбылмалы ауа райы сақталады. Термометр бағаны түнде солтүстікте 25-32 градус аязға дейін, орталықта 15-25 градусқа дейін, оңтүстік және шығыс өңірлерде 10-18 градусқа дейін төмендейді.