Ақтөбе облысының тұсында Самара-Шымкент тасжолында 4 жүк көлігі соқтығысты.
Жол ауа райының қолайсыздығынан тайғақ болған. Жол апатын салдарынан бір көлік жүргізушісі зардап шекті. Апаттың негізгі себебі, жүк көлігі жүргізушілерінің менмендігі, бір-біріне жол бермегені болып отыр. Полицейлер күрежолдың бойында сақ болуды ескертеді.Бұған дейін Алматы облысында автобуспен бетпе-бет соқтығысқан жеңіл көліктегі үш адам қаза тапқанын жазған болатынбыз.