31 желтоқсандағы дерек бойынша, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-компонентін 8 990 965 адам, 2-компонентін 8 521 029 адам салдырды. Бұл – вакцина алуға тиіс адамдардың 73,8%-ы. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Сонымен бірге 2021 жыл 31 желтоқсандағы.мәлімет бойынша, Pfizer вакцинасының І-компонентін алғандар саны:
Жасөспірімдер – 280 784
Жүкті әйелдер – 19 841
Бала емізетін әйелдер – 48 261.
Бұгінге дейін елде вакцинаның ІІ-компанентін 115 872 жасөспірім, 7 630 жүкті әйел, 19 547 бала емізетін әйел салғызған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев ревакцинациядан 303 мың адам өткенін айтқан еді.