Жеке тұлғалардың банкке берешегі 10 трлн теңгеден асты
Жеке тұлғалардың банкке берешегі 10 трлн теңгеден асты
295
оқылды

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 3,7%, жыл басынан бері 21,8% өсіп, 2021 жылғы қарашаның соңында 17 838,2 млрд теңгені құрады, - деп хабарлайды naryk.kz сайты.

Заңды тұлғалардың кредиттер көлемі бір айда 7 497,1 млрд теңгеге дейін 3,1%-ға, жеке тұлғаларға – 10 341,1 млрд теңгеге дейін 4,1%-ға ұлғайды. Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір айда 15 976,5 млрд теңгеге дейін 3,7%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 2,8%-ға, жеке тұлғаларға кредиттер  4,1%-ға өсті. Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 1 861,7 млрд теңгеге дейін 3,9%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 4,0%-ға өсті, жеке тұлғаларға кредиттер – 1,8%-ға төмендеді. 2021 жылғы қарашаның соңында теңгемен кредиттердің үлес салмағы 89,6% (2020 жылғы желтоқсанда – 87,0%) болды. Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 15 435,2 млрд теңгеге дейін 4,0%-ға, қысқа мерзімді кредиттер көлемі – 2 403,0 млрд теңгеге дейін 2,0%-ға ұлғайды. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2021 жылғы қарашада 3 550,8 млрд теңгеге дейін 9,0%-ға ұлғайды (корпоративтік сектор кредиттерінің жалпы көлемінің 47,4%-ы). 2021 жылғы қарашада банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 11,9% (2020 жылғы қарашада – 11,9%), жеке тұлғаларға – 17,6% болды (14,9%).