Елдегі барлық банктер штаттық режимде жұмыс істейді
Елдегі барлық банктер штаттық режимде жұмыс істейді
©sputnik.kz
356
оқылды

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық Банкі хабарлады.

"ЕДБ-де (екінші деңгейдегі банктер) жалақы, зейнетақы, жәрдемақыларды есептеу және алу, банктік қызметтерді ұсыну секілді негізгі банктік сервистердің үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етілді. Қаржы ұйымдарының банкоматтары мен терминалдары қолма-қол ақшамен толық көлемде қамтамасыз етілген" делінген хабарламада. Ал, қазақстандықтарға интернет желісіндегі ақауға байланысты банктік қосымшалар мен төлем терминалдары жұмысында уақытша үзілістер бар екені ескертілді. Сонымен қатар Halyk Bank бірқатар өңірлерде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты банктің филиалдары мен банкоматтарының жұмысына шектеу қойылуы мүмкін екенін айтты.