Қазақстандағы тәртіпсіздіктерден бизнеске келтірілген залалдың жалпы сомасы 88 миллиард теңгеден асты, – деп хабарлайды "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.
"8 қаңтар күні таңертең келтірілген зиянның жалпы сомасы шамамен 88,1 миллиард теңгеден асты. Атап айтқанда, Алматыда шығын 86,8 миллиард теңге", – деп хабарлады Ұлттық палата.
ҰКП call-орталығына 1622 қоңырау келіп түсті, оның ішінде:
тонау мәселелері бойынша – 937;
форс – мажор – 23
Блокпост – 2;
жеке тұлғалардың қоңыраулары – 650.
Еліміздің 10 өңірінде 1091 объектіде орналасқан 920-ға жуық зардап шеккен бизнес субъектісі анықталды, оның ішінде Алматыда 1027 объектіде орналасқан 856 субъект.