Ақмолада нұротандықтар тұрғындарды сабырға шақырды
Ақмолада нұротандықтар тұрғындарды сабырға шақырды
388
оқылды
Ақмола облысының барлық аймағында Nur Otan партиясы және Jas Otan жастар қанатының белсенділерімен «Халық сақшысы» еріктілері құрылып, олар құқық қорғау органдарымен бірлесіп қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында елдімекендер көшелерін бақылауға алған. Ал облыстық телеарнаның эфирінде күн сайын қоғам белсенділері, депутаттар мен партияның облыстық филиалының спикерлері сөз сөйлеп, елді тыныштық сақтауға шақыруда. «Ең алдымен, құқықбұзушылыққа бейім адамдармен жекелей кездесулер өткізіле бастаған. Мәселен, Зеренді ауданындағы партия төрағасының бірінші орынбасары Руслан Абдуахитов партия белсенділері және қоғам белсенділерімен бірлесіп, Көкшетау қаласында митингтерге қатысқан Ортақ және Бұлақ ауылының жастарымен кездесті.  Ал жасотандықтар шағын және орта кәсіп иелерімен бірге еріктілер тобын құрып, облыс орталығы мен Целиноград ауданында орналасқан блок-бекеттерде тұрған полиция мен техникалық қызметкерлерге ыстық шай мен тіскебасар тамақ ұйымдастырды» делінген Партия филиалының баспасөз қызметінің хабарламасында. Қорғалжын ауданында еріктілері және мәслихат депутаттары әлеуметтік жағдайы осал  18 отбасына көмек көрсетсе, 13 жалғызбасты зейнеткерлерге азық-түлік жеткізілген. Облыс орталығы Көкшетау қаласында интернет болмағандықтан қалалық қоғамдық көліктерге жеңілдікпен 80 теңгеден жол жүру ұйымдастырылған.
Қазіргі уақытта облыстық партия филиалында 8 (7162) 25-63-93, 87780976308, WhatsApp 87757321210 жедел желі телефондары жұмыс істеп тұр. Аудандық және қалалық партия филиалының басшылары елордаға таяу орналасқан аудандар мен Қосшы қаласына басымдық бере отырып, түсіндіру жұмыстарына кіріскен.