Nur Otan партиясының шығыстағы филиалы әскерилерге көмек көрсетті
Nur Otan партиясының шығыстағы филиалы әскерилерге көмек көрсетті
351
оқылды

Шығыс Қазақстанда Nur Otan партиясы облыстық филиалы қызметкерлері, кәсіпкерлер, меценаттар, мәслихат депутаттары, партия белсенділері әскери қызметшілерге, патрульдік-күзетшілерге, Өскемен, Семей қалаларының коммуналдық қызмет қызметкерлеріне азық-түлік және тұрмысқа қажетті заттар негізінде гуманитарлық көмек көрсетті.

– Облыстық мәслихаттың депутаты, Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің жетекшісі  Дмитрий Сомов, облыстық мәслихаттың депутаты, Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы білім мен ғылымды дамыту жөніндегі облыстық қоғамдық кеңестің жетекшісі  Жасұлан Шаймарданов, Өскемен қалалық мәслихатының  депутаты,  Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің мүшесі Сергей Коротин, Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өңірлік қоғамдық кеңестің жетекшісі, көпбалалы ана  Анастасия Масалимова, Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы білім мен ғылымды дамыту жөніндегі облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, «Страна чудес» балабақшасының директоры Лилия Мамбурова есімдерін ерекше атап өтуге болады. Одан өзге Семей қаласында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері үшін ыстық тамақ ұйымдастырылуда. Семей қаласы бойынша бұл жұмыспен Nur Otan партиясының  республикалық  саяси кеңесінің мүшесі, облыстық мәслихаттың депутаты Айбек  Нұғымаров айналысуда, – дейді партия филиалының баспасөз хатшысы Тәттімбек Асхан.