Жамбылдағы жаралыларға 200 нұротандық қан тапсырды
Жамбылдағы жаралыларға 200 нұротандық қан тапсырды
357
оқылды

Жамбыл облысында жаппай тәртіпсіздік кезінде зақымданған 6 нысанды қайта қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстарға жасотандықтар мен еріктілерден құралған 80 адам жұмылдырылып, қазір олар құрылыс басында жүр.

Бұдан бөлек фракция мүшелері мен қоғамдық кеңес төрағалары әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент депутаттары алдында сөйлеген сөзі мен айқындаған нақты тапсырмаларын қолдау жазбаларын жариялауда. Партияның ардагерлері мен фракция мүшелері бейбіт шеру басталғаннан бері бұқараның арасынан табылып, олардың талаптарына құлақ түріп, көпшілікке басу айтқан. Енді міне қайта қалпына келтіру жұмыстарынан да қалыс қалмай, соңғы үш күнде жаралыларға демеу беру мақсатында 200 партия мүшесі орталыққа қан тапсырған. Бұл сөз жоқ, ел үшін жасалған игі іс.