Қос жерлесіміз кортта кездеседі
Қос жерлесіміз кортта кездеседі
282
оқылды
Жылдың алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі саналатын Аустралияның ашық чемпионатының жеребесі тартылып, соның нәтижесінде  қазақстандық қос ракетка кездесетін болды. Теннистен әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингте 13-орында  тұрған Елена Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік тізімде 108-орындағы Зарина Диаспен  кортта кездеседі.  Ал тағы бір отандасымыз әлемнің 43-ракеткасы Юлия Путинцева рейтингте 110-сатыдағы франциялық Хармони Танмен сайысқа түседі. Былтыр  осы турнирде Ю.Путинцева төртінші, З.Дияс үшінші, Е.Рыбакина екінші айналымға дейін жеткен еді.