Алматыда мектеп оқушылары 17 қаңтардан бастап қашықтан оқиды
Алматыда мектеп оқушылары 17 қаңтардан бастап қашықтан оқиды
Фото: rus.azattyq-ruhy.kz
556
оқылды

Алматыда эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлады. Сондықтан мектеп оқушылары 17 қаңтардан бастап қашықтан оқиды.

Бұл туралы Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева хабарлады.
«Алматының бас санитар дәрігерінің 13 қаңтардағы қаулысы негізінде мектеп оқушылары 17 қаңтардан бастап қашықтан оқыту форматына көшеді. Оқу процесін қашықтан ұйымдастыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.Оқушылар компьютерлер мен ноутбуктермен, мектептердің интернетпен қамтамасыз етілген», – деді Жылқыбаева.
Ата-аналардың қосымша компьютер немесе ноутбук, интернетке қатысты сұрақтары бойынша мектеп басшысы немесе аудандық білім бөліміне хабарласа алады.

Бұған дейін Алматыда карантин күшейгенін хабарлаған болатынбыз.