Төрт тәулік бойы далада қонған
Төрт тәулік бойы далада қонған
344
оқылды
Ақмола облысы Полиция департаментінің хабарлауына қарағанда, облыстың екі тұрғыны боранда адасып, төрт тәулік далада қонған. Абырой болғанда олар аман-есен табылды. 7 қаңтарда Ақмола облысы Шортанды аудандық ПБ кезекші бөліміне шаруа қожалық­тары­ның бірінің басшысы хабар­ласқан. Ол өзінің екі жұмысшысы далада жоғалып кеткенін айтыпты. Шаруа қожалығы басшысының айтуына қарағанда, жұмысшылар 4 қаңтар күні қарда жүретін көлікпен жылқы іздеуге шыққан. Алайда сол күні ауа райы қолайсыз болған. Жұмысшылардың бірі – Нұр-Сұлтан қаласының, екіншісі–  Целиноград ауданының тұрғыны. «Жедел іздестіру барысында ау­дандық полиция бөлімінің қызмет­керлері капитан Арман Маминов пен майор Рүстем Садықов Шортанды ауданының Ключи ауылынан 20 шақырым жерден жоғалған адамдарды тапты. Анықталғандай, жұмысшылар қарда жүретін көлігі жолда істен шыққан соң жаяу тартқан. Ақтүтек боранда олар балықшылардың күркесіне кезігіп, сонда көмек келгенше төрт тәулік түнеп шыққан», –  деп мәлімдеді облыстық Полиция депар­таменті­нің мамандары.