Қызылордада жол апатынан 8 адам мерт болды
Қызылордада жол апатынан 8 адам мерт болды
266
оқылды

Бүгін сағат 13:30 минут шамасында «Самара-Шымкент» тас жолының Қызылорда облысы аумағындағы 1397 шақырымында "VOLVO" маркалы жүк көлігімен "Mazda MPV" маркалы жеңіл көлік соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктегі жүргізуші мен 7 жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

Жүк көлігіндегі бейне таспаға жеңіл көліктің тайып, қарсы бетке шығып кеткені анық түсіп қалған екен. Тексеру барысында жүк көліктің Венгрия Республикасынан Өзбекстан Республикасына дәрі-дәрмек бағыт тасымалдап бара жатқан көрінеді. Ал, жеңіл көлік Қазалы ауданынан Арал ауданына бағыт алыпты.
– Аталған шақырту бойынша 2 арнайы техникамен 8 қызметкер оқиға орнына жетті. Өрт сөндіруші-құтқарушылар автокөлік ішінде қысылып қалған қаза болған марқұмдардың денесін арнайы құралдармен сыртқа шығарды, – деді Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Ерқанат Сәрсенбайұлы, Қызылорда облысы