«Астана» атауын неге өзгертпегені белгілі болды
«Астана» атауын неге өзгертпегені белгілі болды
377
оқылды

Қарағанды төңірегіндегі жолдардың бірінде ілулі тұрған жол белгісінде елордамыздың ескі аты жазулы тұр. Әлеуметтік желіде біраз оқырмандар Қазақстан астанасы қайтадан өзгеріп, «Астана» атауын қайтарды деп шатасып жүр. Алайда бұл шындыққа жанаспайды.

Қарағанды қалалық әкімдігі КазТАГ-қа берген жауабында ескі атауды өзгертетінін мәлімдеді. «Бұл жол белгісіндегі жазу Қарағандының «7 магистралінде» ілулі тұр. Биыл автожолды күрделі жөндеу жоспарланды, сондықтан барлық жол белгілері жаңаратын болады. Міне сол кезде атау да өзгертіледі» – деді хабарламада. Естеріңізге сала кетейік Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың 23 наурызындағы жарлығына сәйкес Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан қаласы болып өзгертілген.