Оралда кішкентай қыздың басы пластмассадан жасалған орындыққа кептеліп қалған. Орындыққа қыстырылып қалған қызды құтқарушылар 27 минутта аман-есен құтқарды, – деп жазады «Мой город» басылымы.
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқарушылар 27 минутта қызды құтқарды. Оқиға орнына бес құтқарушы барған. Абайсызда басы орындыққа кептеліп қалған қыз жарақат алған жоқ. [caption id="attachment_179536" align="aligncenter" > Фото: mgorod.kz[/caption]Бұған дейін ойнап отырып, басына кастрюльді кептеп алған бала туралы жазған болатынбыз.