Қазақстанның бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты қылмыстық іс сотқа жетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық соты хабарлады.
«Қылмыстық іс сотқа жетті. Судья келіп түскен іс бойынша 5 тәулік ішінде жалпы немесе қысқартылған тәртіппен басты сот талқылауын тағайындау туралы не істі алдын ала тыңдауды өткізу туралы шешім қабылдайды» делінген қалалық соттың ресми хабарламасында.
Экс-министрдің адвокаты Дмитрий Куряченконың айтуынша, іс материалдарымен танысу аяқталды.