Алматы әкімі тәртіпсіздік кезінде оққа ұшқан марқұм әйелдің отбасын қабылдады
Алматы әкімі тәртіпсіздік кезінде оққа ұшқан марқұм әйелдің отбасын қабылдады
412
оқылды
5 қаңтар күні кешке марқұм Жанар Өтегенова қаладағы келеңсіз жағдайға қарамастан көшеге шығуға мәжбүр болған, өйткені оның жаңа туған сәбиіне шұғыл түрде дәрі-дәрмек керек еді. Өкінішке орай сол сәттерде лаңкестер атқан оқ 35 жастағы төрт баланың анасының мезгілсіз ажалына себеп болды. Ол тиген оқ жарақатынан көз жұмды. Оның жұбайы Нұрсұлтан Бүркітбаев 2014, 2017, 2019 және 2021 жылдары туған төрт баласымен қалды. Бүгін оны қала әкімі Бақытжан Сағынтаев арнайы қабылдап, шын жүректен көңіл айтты. Көпбалалы отбасына тұрғын үй бөлу мәселесін бақылауға алатынын жеткізді. Ерлі-зайыптылар бүгінге дейін балаларымен жалға алынған уақытша баспанада тұрып келген.