Тараз қаласындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде Nur Otan партиясы Жамбыл облыстық филиалының ғимараты ең қатты зардап шеккен болатын. Қазір мұнда күрделі құрылыс жұмыстары жүруде. Бұған жасотандықтар да үн қосып, нысанның айналасына тазалық жұмыстарын жүргізіп, көмек қолын созуда.
Ал облыстық мәслихаттың депутаты Бейбіт Ыстыбаев бастаған азаматтар облыс әкімшілігі мен партия ғимаратын жөндеп жатқан 300 жұмысшыға және блок-бекетте тұрған құқық қорғау қызметкерлеріне түскі ас ұйымдастырып, игі іс қылды.
Әрбір нұротандық нысандардың құрылысы тез аяқталып, мамыражай күндегі жұмысты қайта жандандыруды тілеуде.