Pfizer ақылы болмайды
Pfizer ақылы болмайды
272
оқылды
Қазақстандықтар ақылы түрде Pfizer-ді салдыра алмайды. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты. «Pfizer қазірдің өзінде қолжетімді, 4 миллионнан аса доза сатып алдық. Бізде вакцина алатындар 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жүкті, бала емізетін әйелдер. Бұл тұрғыда вакцинация жүріп жатыр. Сонымен қатар ұжымдық иммунитеттің қалыптасуын ескере отырып, 60 және одан жоғары жастан асқандарға салуға мүмкіндік берілді. Sinopharm, QazVac бар екенін ұмытпауы керек. Менің ойымша, қолжетімділік мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Тағы 1 миллион дозаға тапсырыс береміз», – деді Тоғжанов. Вакцинаның ақылы болмайтынының себебін түсіндірді. «Менің ойымша, бұл сұраққа бірнеше рет жауап берілді. Бұл – Pfizer компаниясының ұстанымы, вакцинаны сатпауға шешім қабыл­дады», – деді вице-премьер.