ТМҰ Бас Хатшысы Бағдад Әміреев Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Бас хатшысымен кездесті
ТМҰ Бас Хатшысы Бағдад Әміреев Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Бас хатшысымен кездесті
195
оқылды

Жиддада Түркі Мемлекеттері Ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы Бағдад Әміреев Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) Бас хатшысы Хиссейн Брахим Тахамен кездесті.

Бас Хатшы Б. Әміреев Х.Б.Тахаға ИЫҰ Бас Хатшысы лауазымына тағайындалуына байланысты өзінің шынайы құттықтауын және Ислам әлемінің осы аса жоғары дипломатиялық мансабындағы жұмысына зор табыс тіледі. ИЫҰ Бас Хатшысы ТМҰ Бас Хатшысына ілтипатын білдіріп, оның ИЫҰ штаб-пәтеріне осы сапары екі бауырлас ұйым арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді. Хиссейн Брахим Таха мен Бағдад Әміреев өз ұйымдарының қазіргі күн тәртібі туралы пікір алмасып,Ислам әлеміндегі бейбітшілікті, тұрақтылықты және дамуды нығайту мақсатында кеңейтілген серіктестік орната алатынын атап өтті. Түркі Мемлекеттері Ұйымының барлық мүшелері бір мезгілде Ислам Ынтымақтастық Ұйымының да белсенді мүшелері болып табылатынын назарға ала отырып, Х. И. Таха мен Б. Әміреев екі ұйымның кең ауқымды ықпалдастық орната отырып,Еуразия құрлығында, Ислам әлемінде, Еуропада, әсіресе Орталық Азия мен Кавказ аймақтарында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бірлесіп ат салыса алатынын атап өтті. ТМҰ және ИЫҰ басшылары екі ұйым арасындағы ынтымақтастықтың деңгейін арттыру қажеттігін атап өтіп, өзара қатынастардың құқықтық базасын нығайту жөнінде шаралар қабылдауға уағдаласты. Тараптар сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын бірқатар халықаралық, исламдық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты.