Бір күндік жалақыны «Қазақстан халқына» аударудың қажеті жоқ – Тоқаев
Бір күндік жалақыны «Қазақстан халқына» аударудың қажеті жоқ – Тоқаев
Фото: yandex.kz
661
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қорының жұмысы, жиналып жатқан қаражат жөнінде пікірін айтты.

Ол бюджеттік сала қызметкерлерінің бір күндік жалақысын қорға аударып жатқаны орынсыз екеніне тоқталды.
«Қазақстан халқына» қорына қаражат аударған азаматтарға алғыс айтамын. Алайда мемлекеттік қызмет, бюджеттік сала қызметкерлерінің бір күндік жалақысын қорға аударуы – орынсыз бастама. Қорға жиналған қаражат, қордың есеп-қисабы, жұмсалған қаржының есебі ашық болады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін «Қазақстан халқына» қомақты қаражат аударған кәсіпкерлер туралы жазған болатынбыз.