20 күнде 100-ден астам адам мерт болды
20 күнде 100-ден астам адам мерт болды
345
оқылды
Қаңтардың басынан бері елімізде болған жол апаттарынан 100-ден астам адам қайтыс болды. Бұл туралы Polisia.kz сайты жазды. ІІМ мамандарының мәлімет­теріне қарағанда, 20 күн ішінде жол апаттарынан 400-ге жуық адам зардап шегіпті. Бұлар – тек жарақат алғандардың көрсет­кіші. Ал көз жұмғандар санын сөз басында айттық. Өкінішке қарай, соңғы апталарда екі немесе одан да көп адам қайтыс болған жол апаттары бірнеше рет тіркелген. Мәселен, 14 қаңтарда Атырау облысындағы Доссор–Құлсары–Бейнеу автожолында Honda Odyssey және ВАЗ-2115 көлік­терінің соқты­ғысуы­нан 5 адам қаза тауып, бір азамат ауруханаға түсті. 15 қаң­тарда Қызылорда облы­сының Арал–Қазалы автожолында Mazda NPV көлігі Volvo жүк машинасымен соқтығысып, бірден 8 адам көз жұмды. 18 қаңтарда Жамбыл облысындағы Саудакент – Жаңатас бағытын­дағы жолда КамАЗ көлігі Audi А6 автомобилін соғып кетіп, 4 адам қаза тапты. 19 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысындағы Омбы-Майөқапшағай жолында Kia Rio көлігі Mitsubishi Outlander автомобилімен соқтығысып, 4 адам мерт болды. Осылайша, 6 күн ішінде еліміздегі автожолдарда кемі 21 адам көз жұмған. Егер бұл мәліметтерге бір немесе екі адамның өліміне апарып соққан жол көлік оқиғалары қосыл­мағанын ескерсек, 6 күн ішінде мерт болғандар саны бұдан да көп болуы мүмкін. Өкініштісі, әр апта сайын 20-дан астам азамат жолда көз жұмып жатқаны белгілі болып тұр. Әйтпесе, 20 күнде көлік апаттарынан қаза тапқандар саны 100-ден асып кетпес еді.