Facebook-те депутатты ақымақ деп айыптаған оқытушы 600 мың теңге төлейтін болды
Facebook-те депутатты ақымақ деп айыптаған оқытушы 600 мың теңге төлейтін болды
270
оқылды

Facebook-те депутатты ақымақ деп айыптаған тұрғын қоғамдық жұмыс істеп, айыппұл төлейтін болды, – деп жазады «Диапазон» басылымы.

Даудың басы Білім басқармасының Facebook-та жазба жариялауынан басталған. Жазбада Ауылшаруашылық колледжінің директоры болған Амангелді Есіркеповтің (облыстық мәслихат депутатыред.) былтыр жазда зейнетке шыққаны жазылған. Сол жазбаға қатысты ақымақ деп пікір жазған адамды депутат Есіркепов сотқа берген.    width= Пікір білдірген адам сол колледжде мұғалім болған. Дау-дамай кезінде прокурордың ұйғарымымен жұмыстан шығарылған. Бірақ Facebook-те парақшасы жоқ екенін айтып, ақталып, кінәсін мойындамаған.
Сот жанжалдың ақ-қарасын анықтап, оқытушының кінәсін дәлелдеді. Енді депутатты балағаттаған тұрғын 50 сағат қоғамдық жұмыс істеп, Есіркеповке 100 мың теңге моральдық шығынды төлеуі тиіс.

Сондай-ақ осы істің жай-жапсарын анықтаған заңгерлердің 500 мың теңге шығынын да өтеуге міндетті.