Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан президенті Рустам Миннихановты қабылдады, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Татарстан президенті Рустам Миннихановты қабылдады. Тараптар сауда-экономикалық, өнеркәсіп және технология салаларындағы өзара ынтымақтастықты нығайтудың перспективаларын талқылады.