NIS-тің жобасы халықаралық байқаудың шорт-тізіміне енді
NIS-тің жобасы халықаралық байқаудың шорт-тізіміне енді
500
оқылды
Финляндиядағы «HundrED» академиясы қазақстандық педагогтардың әдістемелік жобалары алғаш рет үздік инновациялық идеялардың қатарына енгені туралы ресми ақпарат жариялады. «Қалыптастырушы бағалауда проактивті мұғалім болу» атты кәсіби әзірлеме орта білім беру саласындағы шабыттандыратын жобаларды іздеу және таратумен айналысатын ең беделді коммерциялық емес ұйымдардың сайтында жарияланды. «Қалыптастырушы бағалауда проактивті мұғалім болу» жобасы критериалды бағалауды енгізу кезеңінде, яғни мұғалімдер үшін жаңа әдіс-тәсілдерді түсіну және қолданудың қажеттілігі туындаған сәтте іске асырылды. Жоба бес бағалау стратегиясына мән бере отырып, сабақтарды жоспарлау мен өткізуге арналған 24 проактивті картаны қамтиды, сондай-ақ әр оқушыны өз білімін қалыптастыруға бағыттайды. Әрбір карта сабақты жоспарлау кезінде мұғалімнің рефлексия жағдайына назар аударып, формативті бағалауды қолдану нәтижелерін көрсетуге мүмкіндік береді. NIS Педагогикалық өлшемдер орталығының қызметкерлері инновациялық идеялар мен тәжірибелерді қамтитын әртүрлі әдістемелік ресурстарды жүйелі түрде әзірлеп, ашық ақпараттық платформаларда жариялайды. Қазақстандық жобаның Финляндиядағы табысы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы орталықтарының кәсіби жетістіктер сериясын жалғастыруда. Бүгінгі таңда финляндиялық білім беру жүйесі әлем бойынша үлкен қызығушылық тудыруда, сол себепті «HundrED»  –  дүниежүзіндегі ең танымал байқаулардың тізіміне енген, конкурсқа 42 елден 129 жоба ұсынылды, соңғы нәтижелер 2022 жылдың маусымында шығарылады. Педагогикалық өлшемдер орталығы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының құрылымына кіреді. «HundrED» платформасындағы «Қалыптастырушы бағалауда проактивті мұғалім болу» жобасына мына сілтемеде. NIS