Алматыда жүргізуші куәлігін жасап беремін деп елді алдаған ер адам ұсталды, – деп жазады Polisia.kz.
25 жастағы ер адам көлік жүргізу куәлігін жасай алатынына сендіре отырып, ақша алып, ізім-ғайым жоғалған.
Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов: «Біздің бөлімшеге бірінен соң бірі бірнеше адам хабарласты. Олардың айтуынша, күдікті «жүргізуші куәлігін алуға көмектесемін» деп уәде еткен. Әрқайсысынан 150 мың теңге сыйақы алған», – деді.
Күдікті ұсталды. Полицейлер ұсталған ер адамның фотосын жариялады. Осы іске қатысты полицияға мына телефондарға хабарласуға болады: 8-707-447-07-50; 8-776-888-38-83.