Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

27 қаңтарда Түркістан, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында күн райына байланысты ескерту жарияланды. 27 қаңтарда Түркістан облысының оңтүстігіне, батысына және таулы аймақтарына тұман түседі. Шымкентте және Түркістанда 27 қаңтарда түнде және таңертең тұман болады. 27 қаңтарда Ақтөбе облысының шығысына тұман түседі. 27-29 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарға тұман түсуі мүмкін. Таразда 27-29 қаңтарда тұман болуы ықтимал.