Биыл 24 қаңтар күні Саран қалалық полиция бөліміне 22 жастағы тұрғын шағымданған.
Тергеу барысында жәбірленуші қыздың бір мезетте екі жігітпен кездесіп жүргені анықталды. Екі жігіттің біреуі қызға қымбат ұялы телефон сыйлаған. Оны екінші жігіт біліп, қызғаныштан телефонды сындырған. Шығын көлемі – 850 мың теңге.
Полицейлер 24 жастағы күдіктіні ұстады. Ол кінәсін мойындады. Қылмыстық кодекстің 202-бабына сәйкес тергеу жүргізіліп жатыр.