Елордалық тұрғын 9-қабаттан құлап кетті

Елордалық тұрғын 9-қабаттан құлап кетті

Нұр-Сұлтанда ер адам тоғызыншы қабаттың терезесінен төсенішпен түспек болған ер адам құлап, қайтыс болды, – деп хабарлайды қалалық Полиция департаменті. Оқиға 26 қаңтарда Құдайбердіұлы даңғылында болған.

"Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері 59 жастағы ер адамның мәйітін тапты. Оның 9-қабаттың балконынан төмен түсуге тырысқаны анықталды", – деді полиция қызметкері.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкері ер адам бір-біріне байланған жайма арқылы төмен түсуге тырысқанын растады.