Саяси кеңестің отырысы өтті
Саяси кеңестің отырысы өтті
259
оқылды
«Nur Otan» партиясы Шы­ғыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, ай­мақ басшысы Даниал Ахметов­­тің қатысуымен сая­си кеңестің отырысы өтті. Партия мүшелері жиынға эпи­демиологиялық жағдай­ға байланысты Zoom плат­формасы арқылы қатысты. Биыл 11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел Үкіметі алдына маңызды міндеттер жүк­теген болатын. Аймақ басшысы Даниал Ахметов өз сөзінде «елде болған соңғы оқиғалар біздің жұмылған жұдырықтай бірігіп, нәтижелі әрі жүйелі жұмыс істей алатынымызды тағы бір мәрте көрсетті» деді. Өңір басшысы белсенді қыз­мет пен саяси-әлеуметтік мәсе­ле­лерге бейжай қарамай, асқан жауап­­кершілік танытқан партия мүше­леріне алғыс білдірді. Сон­дай-ақ облысқа қарасты елді ме­кендерді дамытуға арналған бағ­дар­ламалар бекітілгенін де жет­кіз­ді. Алда тұр­ған ендігі мақ­сат – сол бас­та­маларды жемісті жүзеге асыру.