Балалар коронавирусты жиі жұқтыра бастады
Балалар коронавирусты жиі жұқтыра бастады
© коллаж: Еркебұлан Дуйсеболатов
267
оқылды
Ауыр індет жасты да, кәріні де тал­ғамай тұр. Алматы қаласында вирус жұқтыр­ған балалардың саны өсіп жатыр. Бұл жайында қалалық Санитарлық-эпи­деми­ология­лық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлім етті. Оның айтуынша, 1 жасқа дейінгі балалар арасында инфекция анықталғандар саны азайған. Алайда балалар арасында олардың үлесі – 22,8 пайыз. «Өткен аптада 14 жасқа дейінгі балалар арасында індет жұқтыру айтарлықтай өсіп, 1 463-тен 1 920-ға дейін барды. Ал 60 жастан асқандар арасында 2 530 адам жұқтырды, олардың саны 3 262-ге дейін өсті. Бір жасқа дейінгі балалар арасында керісінше өсім сәл төмендеді, 450-ден 438-ге азайды», – дейді ведомство өкілі. Мегаполисте «омикрон» штамы да тіркелген. 7 адамның шалдыққаны белгілі болды. Арасында 14 жасқа дейінгі балалар жоқ. Қазір толық геномдық зерттеу жүріп жатқанға ұқсайды.