Қабылдау бөлмелерінің жұмысы жанданды
Қабылдау бөлмелерінің жұмысы жанданды
348
оқылды
Былтыр «Nur Otan» партиясының Павлодар облысындағы қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 9,4 мың адам жүгінді. Ол бойынша арыз-шағымның 54 пайызы оң шешімін тауып, 46 пайызына түсініктеме берілді. Соңғы екі жылда партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне өтініштер санының артқанын атап өтуге болады, бұл халық сенімі­нің күшейе түскенін көрсетеді. Азаматтарды толғандыратын мәселелерді жүйелі түрде шешу мақсатында қабылдау орындарында тақырып­тық күндер өткізілді. Атап айтқанда, есепті ке­зең ішінде «Кедергісіз келешек» және «Заң­герлік көмек» партиялық жобалары іске асы­рылды. «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында 57 қабылдау өткізіп, оның барысында 270 мүмкіндігі шектеулі жанның өтініші тыңдалып, олардың 44%-ы қанағаттандырылды. Облыстың қоғамдық қабылдау бөлмелерінде азаматтарға консультативтік заң көмегін көрсету үшін «Заңгерлік көмек» партиялық жобасы аясында 54 қабылдау ұйымдастырылды, оның барысында 196 адам қабылданды. Қойыл­ған сұрақтардың 32% оң шешімін тапты, арыз­данушылардың қалғандарына қолданыс­тағы заңнама шеңберінде түсініктеме берілді. Қоғамдық қабылдауларға облыс орта­лығының тұрғындары ең көп өтініш білдірген – 78%. Аудан халқы бойынша Павлодар ауданы (8,4%) және Тереңкөл ауданы (7,5%) белсенділік танытқан. Айта кетейік, бүгінде облыста азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі ең өзекті (қайырымдылық және материалдық көмек көрсету, жәрдемақылар, жеңілдіктер, өте­мақылар төлеу). Өзектілігі бойынша одан кейін екінші – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық проблемалары. Сондай-ақ тұрғындарды елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру ісі де толғандырады. Тұрғын үй және әлеуметтік нысандар салу, елді мекендерді абаттандыру жұмыстары партияның сайлауалды бағдар­ламасын орындау аясында шешілуде. Павлодар облысының қоғамдық қабыл­даулары азаматтардың өтініштерін қарау бары­сында мемлекеттік органдармен тығыз ынты­мақтастық орнатты. Барлық өтініштер заңна­мада белгіленген мерзімде қаралады. Мәселен, есепті кезең ішінде мүмкіндігі шекулі бала­ларды тәрбиелеп отырған ата-аналар өтініш түсірген. Партия алаңында оларды қабылдау ұйымдастырылды. Оған партия филиалының басшылығы, мемлекеттік орган­дардың, медициналық ұйымдардың өкілдері, облыстық мәслихат пен Павлодар қаласының депутаттары қатысты. Бұл мүмкіндігі шектеулі жандардың бірқатар мәселесін оң шешуге мүмкіндік берді. «Nur Otan» партиясының Павлодар облы­сындағы қоғамдық қабылдау бөлмелеріне жолданған өтініштер санының ұлғаюы және олардың ішінде оң шешімін тапқан іс-шаралардың көбеюі партия филиалдары жұмысының тиімділігінің артқанын көрсетеді. Азаматтарды қабылдаудың бекітілген кестесіне сәйкес жалғаса береді.