Ақтау мен Баку арасында қатынайтын тікелей әуе рейсі ашылады
Ақтау мен Баку арасында қатынайтын тікелей әуе рейсі ашылады
Фото: aviav.ru
328
оқылды

Биыл 18 ақпанда Баку-Ақтау-Баку бағыты бойынша тікелей әуе рейсі ашылады.

Ұшақ аптасына үш рет – сейсенбі, жұма және жексенбі күндері қатынайды. Пандемияға байланысты шектеу бойынша рұқсаты бар жолаушылар ғана ұша алады. Ақтаудан Бакуге ұшқан кезде ПТР тест қажет. Түпнұсқалығын растайтын QR коды болуы тиіс. Қазақстанға келетін жолаушыларда ПТР сынамасының теріс нәтижесінің (72 сағат жарамды) сертификаты болуы керек. Ескерер жайт, Қазақстан азаматтары мен тұрғындарына және Қазақстан арқылы өтетін халықаралық транзиттік жолаушыларға толық вакцинация төлқұжатын көрсеткен жағдайда ПТР талап етілмейді.

Бұған дейін АҚШ-қа тікелей рейс ашу мәселесін жазған болатынбыз.