Жиында «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев Қазақстанда АЭС салу мәселесі туралы пікірін айтты.
«Қазірдің өзінде, әсіресе, оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығы байқалып отыр. Бұл мәселені жасыл технология есебінен шешу тиімді. Меніңше, атом электр стансасын салу – анағұрлым тиімді шешім», – деді «Самұрық-Қазына» басшысы Алмасадам Сатқалиев.