Халқына опасыздық жасап, сотталған президенттер
Халқына опасыздық жасап, сотталған президенттер
Фото: Reuters
495
оқылды

Николя Саркози, Франция

Николя Саркози, Франция Фото: AFP Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози сайлау науқанына көп қаржы жұмсағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол науқанға 42,7 млн еуро жұмсаған. Бұл заң рұқсат еткен мөлшерден екі есе көп. Сот Саркозиді бір жылға бас бостандығынан айырды. Бұрын Саркози сыбайлас жемқорлық бойынша да айыпталған. Сот оны үш жылға бас бостандығынан айырды, оның екеуі шартты түрде. Саркозиге кассациялық сот қызметкерінен ақпарат алмақшы болды деген айып тағылды.

Саддам Хусейн, Ирак

[caption id="attachment_183159" align="aligncenter" width="1200"]Саддам Хусейн Фото: AFP[/caption]
2006 жылы 5 қарашада Ирак соты экс-президент Саддам Хусейнді 148 адамды өлтірді деген айыппен өлім жазасына кесті. 2006 жылғы 30 желтоқсанда үкім орындалды.
Бұдан бөлек Саддам Хусейнге көптеген айып тағылды. Оның ішінде діни, саяси қайраткерлерінің жазасы, діни қозғалыстарға қарсы қылмыстар, саяси партияларға қарсы қылмыстар, зайырлы қоғамдық қозғалыстарға қарсы қылмыстар және күрдтер геноциді бар.
Саддам Хусейн Иракты 25 жылға жуық уақыт басқарды.
Пак Кын Хе Фото: Reuters [caption id="attachment_183154" align="aligncenter" width="1200"]Эхуд Ольмерт Фото: Reuters[/caption] [caption id="attachment_183155" align="aligncenter" width="1200"]Сильвио Берлускони Фото: РИА Новости[/caption]
Италияның төрт дүркін премьер-министрі Сильвио Берлускони мафиямен байланысқаны үшін, 62 миллион еуро салық төлеуден жалтарғаны үшін айыпталды. Кінәсі дәлелденіп, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Кейін жаза бір жылға үй қамағына ауыстырылды.

Жак Ширак, Франция

[caption id="attachment_183156" align="aligncenter" width="1400"]Жак Ширак Фото: Super.ru[/caption]
Францияның экс-президенті Жак Ширак Париж мэриясында жұмыс істеген кезінде жалған жұмыс орындарын құрды деп айыпталды. Сот екі жылға шартты түрде үкім шығарды.