Алматыда Қазақстан тарихының айтулы оқиғаларын баяндайтын алғашқы комикс кітаптың тұсауы кесілді.
Іс-шара Жамбыл атындағы балалар мен жасөспрімдер кітапханасында өтті. Жаңа жинақтың ерекшелігі ол қазақстандық жас суретшілердің жақында өткен иллюстрация байқауында үздік деп танылған жұмыстармен толыққан.«Комикстер маңызды тақырыптарды қамтыған. Бұл жанрдың жас буын арасында үлкен аудиториясы бар және жыл сайын олардың қатары артып келеді. Жобаның мақсаты тек ағартушылық қызмет қана емес, бірінші кезекте, қазақстандық жас суретші-иллюстраторларды қолдап, олардың шығармашылығын насихаттау болып табылады», – деді жобаның үйлестірушiлердің бірі Саида Ибрагимова.Аталған басылымға дүниелері енген суретшінің бірi – Рауан Сайлаубаев. Ол Түркістан қаласының тарихымен оның қазіргі Қазақстан өміріндегі рөлі туралы туындыларын ұсынған.
Алматы