Apple компаниясына 1,1 миллиард доллар айыппұл салды
Apple компаниясына 1,1 миллиард доллар айыппұл салды
Фото: Интернеттен алынды
358
оқылды
Лос-Анджелес соты Apple және оның серіктесі Broadcom компаниясына 1 миллиард 100 миллион доллар айыппұл салды, – деп жазады 24.kz. Айыппұл салуға Broadcom бірлестігінің Калифорния технологиялық университетінің патенттеген чиптерін ұрлауы себеп болған. Apple серіктестерінен алған чиптерді өзінің iPhone, iPad және Apple Watch сияқты өнімдеріне рұқсатсыз қолданған. Дәлелдердің барына қарамастан, Apple өз кінәсын мойындаудан бас тартқан. Компанияның адвокаттары: «Айыптау тікелей емес оның серіктес компаниясының әрекетіне негізделіп құрылған, ал чиптерді пайдаланудан университет еш жапа шеккен жоқ», – дейді. Сондықтан қос компания сот шешімін қайта қарауды сұрап, қарсы шағым түсіреді.