Бейжің Олимпиадасында ерлер арасында шаңғы қоссайысынан мықтылар анықталды. Өкінішке қарай, шаңғы қоссайысының екінші кезеңінде гундерсен жүйесі бойынша сынға түскен отандасымыз Шыңғыс Ракпаров мәре сызығын жеңімпазға 7:35,2 есебімен есе жіберіп, мәре сызығын қырық үшінші болып кесті. Бұл сайыста норвегиялық Йорген Нюландтың бағы жанды. Күміс жүлде де Йоргеннің отандасы Йенс Лурос Офтебруға бұйырды. Үздік үштікті жапон спортшысы Акито Ватабе түйіндеді. Айта кету керек, жарыстың бірінші бөлігіндегі К-125 үлкен трамплинмен секіру сайысында Шыңғыс Рақпаров 69,6 ұпаймен 38-орынға табан тіреген.