Жемқорлыққа қарсы заңнама күшейе түседі
Жемқорлыққа қарсы заңнама күшейе түседі
314
оқылды
Мәжіліс Спикері Ерлан Қо­ша­новтың төрағалығымен өт­кен жалпы отырыста палата де­путаттары бірқатар жаңа заң жобасын мақұлдады. Атап айтқанда, сыбайлас жем­қор­лық­қа қарсы іс-қимыл мә­се­лелері бойынша түзетулер ен­гізу туралы заң жобасын бірін­ші оқылымда мақұлдады. Заң жобасында мемлекеттік қыз­метшілер, оларға теңестірілген адам­дар, олардың жұбайлары шы­ғыс­тарының аталған адамдардың кіріс­теріне сәйкестігін бақылау ен­гізіледі әрі фискалдық және ман­саптық санкциялар белгіленеді. Мұн­дай санкциялар айтарлықтай ал­шақтықтар үшін ғана қолда­ны­латын болады. Мәселен, егер шы­ғыс­тар мен кірістер алшақтығының со­масы ең төмен есептік көрсет­кіш­тің мың еселенген мөлшерінен асып кетсе, мемлекеттік қызметшіге алшақтық сомасының 90 пайызы мөл­шерінде әкімшілік айыппұл са­лынады. Егер де шығыстар мен кіріс­тер алшақтығының сомасы мемлекеттік қызметшінің жылдық кірі­сінен асып кетсе, онда ол теріс се­бептер бойынша мемлекеттік қыз­меттен босатылуға жатады. Бұл рет­те әрбір жағдайда адамға шы­ғыс­тарының заңдылығын негіздеу мүм­кіндігі берілетін болады. Атал­ған жаңалықтарды халықты жал­пы­ға бірдей декларациялаумен то­лық ауқымды қамтуды ескере оты­­­рып, 2027 жылдан бастап қол­да­­нысқа енгізу жоспарланып отыр.  Өйткені  2025 жылы өз кірістерінің мөл­шері туралы республиканың бар­лық азаматы есеп беретін бола­ды, ал 2026 жылдан бастап олардың шы­ғыстарын кірістерімен салыс­тыру процесі басталады. Осы және басқа да ұсынылған заң­намалық жаңалықтар туралы жал­пы отырыста Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл агент­тігі­нің төрағасы Марат Ахметжанов кеңінен баяндап, депутаттардың сұрақтарына жауап берді. Қосымша баяндаманы Мәжіліс депутаты, жұмыс тобының жетекшісі Мәди Елу­баев жасады. Сонымен қатар оты­рыста депутаттар волонтерлік қыз­мет, қайырымдылық, мемлекет­тік әлеуметтік тапсырыс және үкі­мет­тік емес ұйымдарға арналған грант­тар мәселелеріне қатысты заң жо­басын бірінші оқылымда мақұл­да­ды. Бұл туралы Ақпарат және қо­ғамдық даму министрінің мін­де­тін атқарушы Болат Тілепов баян­да­ды. Заң жобасы волонтерлік қыз­мет, қайырымдылық, үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қар­жы­ландыру саласындағы қолд­аныс­тағы заңнаманы жетілдіру мақ­са­тында әзірленген. Отырыста палата комитеті «Қа­зақ­стан Республикасының кейбір заң­намалық актілеріне қорғаныс өнер­кәсібі және мемлекеттік қорға­ныс­тық тапсырыс мәселелері бойын­ша өзгерістер мен толық­тыру­лар енгізу туралы» заң жобасын жұ­­мысқа алды. Жалпы отырыс соңын­да Мәжіліс депутаттары мем­ле­кеттік органдардың басшылары­на бірқатар депутаттық сауал жол­дады.