Абылай Мырзахметов «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы қызметінен кетті.
«Басқарма төрағасы ретінде отставкаға кету туралы шешім қабылдадым», – деді Абылай Мырзахметов.
Абылай Мырзахметов 1992 жылы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1992 жылы «Алтын-Алма» концерні» АҚ қаржы директоры болып бастады.
1995-1997 жылдары – «Айсел-Қазақстан» ЖАҚ бас директоры.
1997-1998 жылдары – «Қазақстан темір жолы» РМК бас директорының бірінші орынбасары.
1998 жылы «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры болып тағайындалып, осы қызметте үш жыл жұмыс істеді.
2001-2002 жж. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігін басқарды.
2002-2004 жж. – «DALA GROUP» ЖАҚ бас директорының кеңесшісі.
2005-2007 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының (СӨП) президенті.
2007 жылдан – «Атамекен» Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасы басқармасының мүшесі.
2011-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті.
2011-2013 жылдары – «Атамекен» Одағы» Ұлттық экономикалық палатасының басқарма төрағасы.
2013 жылдың қыркүйегінен бастап «Атамекен» Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма бөрағасы болды.