Kazakh Tourism спортшыларға Қазақстанды таныстырғаны үшін алғыс айтты
Kazakh Tourism спортшыларға Қазақстанды таныстырғаны үшін алғыс айтты
Фото: REUTERS
603
оқылды

Kazakh Tourism ҰК Бейжің Олимпиадасына қатысқан спортшыларға Қазақстанды таныстырғаны үшін алғыс айтты. Бұл туралы "СаяхатTime" Telegram арнасында жазды.

"Біздің елімізді Бейжіңде таныстырған барлық спортшыларға алғыс айтқымыз келеді. Абзал Әжғалиев, Әділ Ғалиахметов, Ақмаржан Қалмырзаева, Александр Мухин, Александра Троицкая, Анастасия Городко, Ангелина Шурыга, Аяулым Амренова, Валерия Тюленева, Виталий Пухкало, Владислав Киреев, Галина Вишневская-Шепоренко, Данил Васильев, Денис Кузин, Денис Никиша, Дмитрий Морозов, Дмитрий Рейхерд, Евгений Величко, Екатерина Айдова, Жанбота Алдабергенова, Захар Кучин, Иван Аржаников, Ирина Быкова, Ксения Шалыгина, Надежда Морозова, Надежда Степашкина, Олеся Граур, Ольга Тихонова, Павел Колмаков, Сергей Ткаченко, Шыңғыс Ракпаров, Шерзод Хаширбаев, Юлия Галышева, Яна Хан ... және біз "тезірек, жоғары, күштірек, бірге", сүйіспеншілікпен "Алматы, Қазақстан" деп айтамыз!", - деп жазды Kazakh Tourism компаниясының Telegram арнасында.
Айта кетейік, Бейжіңде XXIV қысқы Олимпиада ойындары аяқталды. Қазақстан құрамасы бірде-бір жүлде ала алмады. Тек Абзал Әжіғалиев шорт-тректен 500 метр қашықтықта төртінші келді. Қазақстан құрамасының сапында Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Ольга Тихонова және Яна Хандар командалық есепте бесінші орын иеленді. Олар мемлекеттен 10 мың (4,1 миллион тг) – 40 мың АҚШ доллар (17,1 миллион теңге) көлемінде сыйақы алады. Қазақстанның мемлекеттік бюджетінен Бейжің Олимпиадасына дайындыққа және қатысуға 600 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалды. Келесі қысқы Олимпиада 2026 жылы Италияда өтеді.