Қаржы министрінің айтуынша, кеденде тауар құны кемітіп көрсетілетіндіктен Қытаймен статистика сәйкес келмейді.
Енді қадағалау күшейсе, қазынаға 150 миллиард теңге пайда түспек.
Сонымен қатар Қытайдан тауарды импорттайтын біркүндік фирмалар да анықталды. Олар жөнелтушілердің 20 проценті болып отыр. Жалған электронды шот-фактура жазып беретін фирмалар да әшкереленді.
«Хабар 24» арнасының мәліметінше, қазір айналым сомасы 6 трлн теңгеден асатын 8 мыңнан астам осындай компания анықталды. Мәселені реттеу үшін шұғыл түрде электронды декларация және ахуал орталығы құрылды.
Нәтижесінде, 28 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды. 23 млрд теңге бюджетке өндірілді. Былтыр Қытаймен кедендік статистикадағы алшақтық 5,7 миллиард долларға жетті.