Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Қазақстанның бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қамауға алу туралы үкім шығарды.
«Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Мұрат Бектановқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады» делінген ресми хабарламада.Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпаратты жария етуге болмайды.
Бұған дейін бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.