Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың ұсталғанын растады
Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың ұсталғанын растады
Фото: uralskweek.kz
211
оқылды

Бас прокуратураның мәліметінше, бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа қатысты Қылмыстық кодекстің 452-бабына сәйкес, қызметтегі әрекетсіздік дерегі бойынша соталды тергеуді бастады. 2022 жылғы 20 ақпанда осы қылмысты жасады деген күдікпен Бектанов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды» делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін Президент қаңтар көтерілісі кезінде қару-жарақ, құпия құжаттарды тастай қашқан басшылар туралы айтқан еді.