LIVE: Ресей - Украина шиеленісі
LIVE: Ресей - Украина шиеленісі
©А.Ахметқазы
662
оқылды
20:34 – Украинаның Шекара қызметі ресейлік кемелерден Змеиный аралына оқ атылғанын хабарлады. 20:30 – Латвия да ресейліктерге виза беруді тоқтатпақшы. Олар Ресей елшісін кеңесуге шақырған. 20:00 – Фотограф Александр Лури Харьков облысының оңтүстігіндегі Чухуев қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған жарылыс салдарын суретке түсірген. Оқиға бүгін таңертең болған. Алғашқы екі суретте Чухуевтің 53 жастағы тұрғыны, мұғалім Елена. Оның үйіне Ресей әскерінің бомбасы түскен. [gallery columns="1" size="full" ids="185454,185455,185456,185457,185458,185460,185459"] 19:35 – Беларусь аумағынан оңтүстік-батыс бағытта төрт баллистикалық зымыран атылды. Бұл туралы Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы хабарлады, – деп жазды Дождь телеарнасы. Ресей мен Беларусь тарабы әлі ресми пікір білдірмеген. 19:30 – Ресейдің Су-25 ұшағы ұшу техникасының қателігіне байланысты Украинада апатқа ұшырады. Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрлігі хабарлады. Ұшқыш эвакуацияланды. 19:27 – Чехия ресейліктерге виза беруді тоқтатты. Бұған дейін Чехиядағы Ресейдің екі консулдығы жабылатыны хабарланды. 19:20 – Бүгін қор нарығындағы құлдырау деңгейі рекорд жаңартты. Айырбастау пункттерінде доллар мен еуро бағамы 101-115 рубльге жетті. Мұнай барреліне 100 доллардан, ал газ 1000 текше метрі үшін 1400 долларға саудаланады. Ал ҚР Ұлттық Банкі 25 ақпанда доллардың теңгеге шаққандағы ресми бағамын белгіледі. Ертең доллар бағамы 465,99 теңге болады. KASE биржасындағы кешкі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 466,01 теңгеге жетті. 18:40 – Киев облысының Обухов ауданында Украина Қарулы күштерінің ұшағы құлап, бес адам қайтыс болды. Бортта 14 адам болған. [caption id="attachment_185430" align="aligncenter" width="1220"]Украина ұшағы құлады Фото: Interfax[/caption] 18:33 – Украина Еуропалық Одақтан шұғыл медициналық көмек сұрады. Бұл туралы дағдарысты басқару жөніндегі еурокомиссар Янез Ленарчич хабарлады. 17:50 – Киев көшелерінен көрініс. Украина тұрғындары әскери операция басталғаннан бері қалалардан көшіп жатыр. Киев, Харьков және басқа қалалардың тұрғындары жанармай құю бекеттерінде кептелісте, банкоматтарда кезекте тұр. Кейбірі үйлерінен шығып, жарылыстардан жасырыну үшін метроға тығылып жатыр. [gallery columns="1" size="full" ids="185414,185413,185410,185412,185411,185416,185418"] 17:45 – Украинаның Бас прокуратурасы Ресейдің арнайы әскери операциясына байланысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ТАСС хабарлайды. 17:12 – Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей әскерінің Украинадағы арнайы операциясының мерзімін Путин ғана білетінін айтты. Оның айтуынша, бәрі арнайы операцияның тиімділігіне және қаншалықты орындалғанына байланысты. 17:09 – ЛХР мәлімдеуінше, Украина Қарулы Күштерінің 72 әскери нысаны зардап шекті. 16:31 – НАТО Ресейдің Донбастағы әрекетін еуроатлантикалық қауіпсіздікке қауіп төндірді,– деп мәлімдеді. Ұйым Украинадағы қақтығысқа байланысты шығыс бағытына қосымша күш жіберетінін хабарлады. 16:25 – Ресейдің арнайы операциясы басталғалы бері 40 украин әскери қызметшісі қаза болған. Бұл туралы Украина президенті кеңсесінің өкілі Алексей Арестович мәлімдеді. 16:20 – РИА Новости Украина Қарулы күштерінің 57 жеке мотопехот бригадасының әскери қызметшілері өз еркімен қаруын тастап, Луганск Халық Республикасының жағына өткенін жазды. Бұл туралы ЛХР полициясы хабарлаған. 14:50 – Лондон биржасындағы Kaspi акциялары 75%-ға түсіп кетті. Қазақстандағы қаңтар оқиғасы кезінде Kaspi акцияларының құны бір күнде 20%-ға құлаған еді. [caption id="attachment_185395" align="aligncenter" width="1200"]Kaspi, қор нарығы, биржа, акция Фото: FINANCEkaz[/caption] 14:44 – Украина Қарулы Күштерінің Бас штабы Харьков айналма жолында төрт танкті басып алғанын, ал Құрлық әскерлері Краматорск аймағында Ресейдің алтыншы ұшағы атып құлатқанын хабарлады. Бірақ Ресей тарабы бұл ақпаратқа әлі түсініктеме берген жоқ. 14:39 – Александр Лукашенко Беларусь әскері Украинадағы Ресей операциясына қатыспайтынын мәлімдеді. 14:25 – Бүгін Ресей нарығы "қанға боялды". Газпром 41% акциясын жоғалтты, Сбербанк шамамен 30%, Яндекс 30%-дан астам, Лукойл 40%-дан айырылды. Мәскеу қор биржасында сауда-саттық қайта басталған соң Ресей индексі 40%-ға немесе 1 893 тармаққа дейін түсіп кетті. РФ Орталық Банкі қаржы нарығында қысқа сатылымға тыйым салды. Ал KASE техникалық мәселелерге байланысты сауда-саттықты кейінге қалдырды, сағат 17:00-ге жоспарланды. [caption id="attachment_185373" align="aligncenter" width="1200"]Ресей қор нарығы Дереккөз: FINANCEkaz[/caption] 14:17 – Украинаның ұлттық полициясы ішкі істер органдарының ардагерлеріне қару беретін болды. Ұлттық полиция басшысы Игорь Клименко облыстардағы басқарма басшыларына сондай бұйрық берді. 14:06 – Түркия президентінің әкімшілігі Ресейдің арнайы операциясын "әскери мақсатта араласу" деп санайды. 13:50 – Еуропалық Одақ негізгі технологиялар мен нарыққа кіру арналарын бұғаттап, Ресей экономикасының стратегиялық секторларына санкциялар салады. Бұл туралы Еуропалық комиссияның басшысы мәлімдеді. 13:43 – Украинаның мемлекеттік шекара қызметі Киев облысындағы атыс салдарынан қираған объектіні көрсетті. [gallery columns="1" size="full" ids="185367,185366"] 13:40 – Қытай Халық Республикасының СІМ Украинаның кейбір аймақтарында Ресей әскерлерінің болуы шабуыл емес деп мәлімдеді. Қытайда интернетте Ресейді сынауға тыйым салынды. 13:28 – Украинаның Анкарадағы елшісі Түркиядан Ресейге Босфор мен Дарданелл бұғаздарын жабуды сұрады. 13:20 -ҚР Ұлттық Банкі 104 миллион долларға интервенция жасады. Осы аптада валюта интервенциясы 137 миллион доллар болды. 13:10 – Латвияда ресейлік телеарналардың хабарын таратуға тыйым салынды. Бүгіннен бастап "Россия" арнасы 5 жыл, "Россия 24" арнасы 4 жыл бойы және TV Centr International ретрансляциясы 3 жылға көрсетілмейді. 13:09 – Украина Ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенко қаза тапқандар мен жараланғандар туралы айтты. Әзірге 7 адам қайтыс болған. Қайтыс болғандардың алтауы Одесса облысындағы әскери бөлімінде, 7 адам жараланды, 19 адам хабар-ошарсыз кетті. Мариупольде бір адам қаза тауып, екі адам жараланды. Конотоп ауданында көлік оққа ұшты, баласы бар әйел зардап шекті. 13:04 – Украинаның шекара қызметі Ресейдің әскери техникасы Чернигов, Сумы, Луганск және Харьков облыстарының шекарасын кесіп өткенін мәлімдеді. [caption id="attachment_185357" align="aligncenter" width="1200"]Украина картасы Украина картасы[/caption] 12:50 – Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің армиясына қатаң жауап қайтаруға бұйрық берді. 12:40 – Қазақстан Сыртқы істер министрлігі азаматтарды Украинадан эвакуациялау туралы мәлімдеме жасады. Украинадағы Қазақстан азаматтары елшілікке Киев, Ильенко көшесі, 26 үй мекенжайы бойынша және "жедел желі" телефондары арқылы хабарласа алады": +38 (067) 347 04 08 (WhatsApp, Viber), +38 (044) 483 15 96, +38 (044) 489 18 58. 12:31 – Қазақстан бітімгерлері БҰҰ-ның рұқсатынсыз Украинаға бармайды. ҚР Парламент Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев мәлімдеме жасады. "Біз Луганск Халық Республикасы мен Донецк Халық Республикасын тану туралы мәселені қарастырмаймыз. Біз тек БҰҰ мойындаған мемлекеттерді ғана мойындаймыз", – деді ол. 12:30 – Киевтегі метро бомбадан қорғанатын орын ретінде қолданыла бастады. Ал Харьков метросында су қондырғылары қойылып жатыр. 12:15 – Доллар айырбастау пункттерінде 474 теңгеден сатылып жатыр. 12:08 – Украинаның Төтенше жағдайлар министрлігі Меловое ауылы мен Луганск облысындағы қаланы басып алғанын хабарлады. Елдімекендерді ЛХР әскерлері басып алған. Украина Қарулы Күштерінің Бас штабының хабарлауынша, Украинаның Әуе қорғанысы елдің шығысында 5 ресейлік әскери ұшақты атып түсірген. 11:47 – ҚР Ұлттық банкінің ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені 13,5%-ға көтерді. Шешім бүгін күшіне енеді. 11:42 – Танктер Беларусь жақтан Украина шекарасына өтті. Бұл туралы CNN хабарлады. 11:33 – НАТО шұғыл отырыс шақырады. Бұған дейін НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресейге операцияны дереу тоқтатуға шақырған еді. 11:26 – Ресей әскери Украинаның Харьков беттегі шекарасын кесіп өтті. Оны Украина ІІМ басшысының кеңесшісі Антон Геращенко растады. ҚР ИИДМ азаматтық авиация комитеті Украинадағы қазақстандықтарға кеңес беру үшін жедел желі телефонын құрды. +77172798213, +77172798215 Call-орталықтың жұмыс кестесі – күн сайын сағат 9.00-ден 18:30-ға дейін. 11:20 – Теңге құлады. Айырбастау пункттерінде доллардың ең жоғары бағамы 466 теңгеге жетті. теңге құлады, доллар 466 теңге 10:50 – Украина президенті Владимир Зеленский елде соғыс жағдайының енгізілгенін жариялады. "Ресей біздің әскери инфрақұрылымымызға, шекарамызға соққы берді. Украинаның көптеген қаласында жарылыстар естілді. Біз бүкіл мемлекет бойынша әскери жағдайды енгіземіз. Бір минут бұрын мен АҚШ Президенті Байденмен сөйлестім. АҚШ халықаралық қолдауды жинай бастады. Тыныштық сақтауларыңызды сұраймыз. Мүмкіндігінше үйде болыңыз. Біз жұмыс істейміз. Украинаның барлық қауіпсіздік және қорғаныс секторы жұмыс істейді. Дүрбелең болмаса, біз бәріне дайынбыз және бәрін жеңеміз", – деді Владимир Зеленский. 10:00 – АҚШ президенті Джо Байден Украина халқы Ресей күштерінің себепсіз шабуылына ұшырағанын мәлімдеді. 9:00 – Ресей президенті Владимир Путин ресейліктерге үндеу жасады. Ол Ресей армиясы Донбаста арнайы операция бастайтынын мәлімдеді. "Қазіргі жағдай шешуші және жедел әрекет етуге итермеледі. Донбасс Халық республикалары Ресейден көмек сұрады. Соған байланысты БҰҰ жарғысының 51-бабына сәйкес, федерация кеңесінің рұқсатымен арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылдадым", – деді Путин. Оның айтуынша, Ресейдің Украинаны басып алу жоспары жоқ, бірақ Мәскеу оны демилитаризациялауға тырысады. "Оның мақсаты – сегіз жыл бойы Киев қорлық көрсетіп, геноцид жасап келген адамдарды қорғау. Бұл үшін біз Украинаны демилитаризация мен денацификация жасауға талпынамыз, оған қоса бейбіт тұрғындарға, соның ішінде Ресей Федерациясы азаматтарына да қарсы көптеген қанды қылмыс жасағандарды сотқа тартамыз", – деді Путин. Ресей президенті украин әскерилерін қаруын тапсыруға шақырып, оларға отбасына оралуға мүмкіндік беріледі деп уәде етті. Владимир Путин Ресей ТМД елдерінің егемендігін құрметтейтінін айтты. "Біз посткеңестік кеңістікте жаңадан құрылған барлық елге құрметпен қарап келдік және құрметпен қарай береміз. Оған мысал – қайғылы жағдайға тап болған Қазақстанға мемлекеттілігі мен тұтастығына қатер төнген кезде көрсеткен көмегіміз", – деді Ресей президенті.