Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев утилизациялық алымға қатысты пікір білдірді.
Оның айтуынша, утилизациялық алымды 50 проценттен төмендетсе, отандық өндіріс тұралап қалады.
«Отандық машина жасау өндірісін дамыту еліміздің экономикасы үшін өте маңызды. Елімізде KIA, Hyundai, Chevrolet, JAC, Лада көлігі құрастырылады. Осы көліктерді сатып алғандар ешқашан утильалым төлемеген. Утилизациялық алым мөлшерін 50 проценттен төмендету немесе мүлдем алып тастау мәселесіне келсек, бұл мүмкін емес, төмендемейді. Импорттық көліктердің басым бөлігі Mercedes, BMW премиум санатындағы машиналарға утилизациялық алым төленді. Түскен қаржы жеңілдетілген автонесие беруге жұмсалады. Утилизациялық алымды мүлдем алып тастау туралы бастаманы көтеріп жүрген азаматтар мұны түсінуі керек», – деді.