Өзбекстанда қосымша вакцина салдырмағандар жұмыстан шеттетіледі
Өзбекстанда қосымша вакцина салдырмағандар жұмыстан шеттетіледі
Сурет: e-cis.info
568
оқылды

Өзбекстан реуспубликалық арнайы комиссиясы шығарған шешім бойынша, жұмыс беруші қызметкерлерінің коронавирусқа қарсы вакцина салдыруына жауапты болады.

Комиссия мұндай шешімін 23 ақпанда шығарды.
Соған сәйкес, "жұмыс беруші енді қарамағындағы жұмысшыларды коронавирусқа қарсы вакцинамен қамтамасыз етуге міндетті".
Мемлекеттік органдардың, кәсіпорындар мен басқа да ұйымдардың коронавирусқа қарсы вакцина салдырмаған, бұған қоса қосымша доза алмаған қызметкерлері жұмыстан шеттетіледі.