Жүк тасымалдайтын жүргізушілер Украинадан көлігін тастап келе алмай отыр
Жүк тасымалдайтын жүргізушілер Украинадан көлігін тастап келе алмай отыр
Фото: lv.sputniknews.ru
376
оқылды

Бүгін 11 көлік жүргізушісі Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасына хабарласып, Украинадағы мекенжайын айтты, – деп жазады inform.kz.

Украинадан шыға алмай жатқан жүк көліктері туралы деректер жинақталып жатыр. Ақтөбе облысынан 11 көлік жүргізуші хабарласып, қазіргі мекенжайын айтты. Көліктерін тастап кете алмайды. Себебі, 11 көліктің 9-ында жүк бар. Сондықтан өңірлік кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлермен, жүк тасымалдау компанияларының өкілімен кеңес өткізіледі.
«Барлық өңірлік палата жүргізушілер туралы деректерді жинақтап жатыр. Тізімдерді жедел түрде Ұлттық палатаға жібереміз. Олар уәкілетті ведомстволарға жолдайды. Журналистер арқылы кәсіпкерлерге, жүргізушілерге жүгінгіміз келеді. Егер сіз немесе сіздің компанияңыздың жүргізушісі Украинадан шыға алмай қалса +7 778-870-1432 нөміріне хабарласуға болады. Бұл ҰКП call-орталығы немесе +7 701-784-8582 нөміріне хабарласыңыз. Бұл – менің байланыс нөмірім. Бүгінгі күні жүк тасымалдаушы жүргізушілерден 11 ақпарат қабылданды. Оның тоғызында жүк бар, ал үш көлік бос. «Атамекен» Украинадан жүк тиеп, елге келе жатқандар үшін жедел шешім қабылдамақ», – деді Ақтөбе ӨКП директорының орынбасары Руслан Куйшинов.
Ол үшін ҰКП-ның арнайы формасы мен байланыс нөмірі жүргізушілердің барлық чатына, салалық қауымдастықтарға таратылды.

Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі "Украинада ешкімді қалдырмаймыз" деген еді.