Ұлттық банк төрағасы теңгенің құнсыздануына қатысты пікірін айтты
Ұлттық банк төрағасы теңгенің құнсыздануына қатысты пікірін айтты
Фото: kznews.kz
401
оқылды

Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов теңгенің құнсыздануына қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, Украинадағы соғыс салдарынан Ресейге салынған санкциялар Қазақстанға да кері әсер етіп жатыр.
«Ресей рублі құнсызданған соң Қазақстанның қаржы нарығына да қысым күшейді. Ұлттық банк инфляцияны азайтуға, теңгені қорғау мен елдің алтын-валюта резервін жөнімен пайдалануға арналған бағдарламаны іске асырып жатыр. 24 ақпанда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 13,5 пайызға дейін көтерді. Бұл – теңге активтерінің сақтап қалудың бір жолы. Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері бойынша бюджет қаражаты есебінен өтемақы (сыйлықақы) төленбек. Сондай-ақ Ұлттық банк өткен аптада 176 миллион долларға валюталық интервенция жүргізді. Интервенция туралы ақпаратты елге айтып отырамыз», – деді Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов.

Бұған дейін доллар күрт қымбаттағанын хабарлаған болатынбыз.